«Жұмысқа орналастырам» дегендерге сенбеңіз!

«Жұмысқа орналастырам» дегендерге сенбеңіз!
Сурет: ашық дереккөз

Мұнай компаниясына жұмысқа кірмек болған ақтөбелік 1 млн-ға жуық теңгесінен айырылды

Жаз айында 48 жастағы ақтөбелік өзіне қолайлы жұмыс іздеген. Туысы оны бейтаныс адаммен таныстырған. Ол жұмыс іздеген ақтөбелікке мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, өз қызметі үшін қомақты ақша сұраған. Бейтаныс жұмысшымен Ақтөбе қаласындағы көшелердің бірінде кездескен жігіт өзін жұмысқа орналастыратына сеніп, оған 2 мың АҚШ долларын қолма-қол берген, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алайда жарты жылға жуық уақыт бойы уәде еткен мұнай компаниясына жұмысқа шақырту алмаған әрі бір миллионға жуық ақшасын да қайтарып ала алмаған ақтөбелік жігіт қарашада полицияға арызданды.

Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтады. Алаяқтық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.