Жұмада еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады

Жұмада еліміздің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі

Синоптиктер 28 қазанда Қазақстанның жеті облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 20 м/с жетеді.

28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады деп болжанады. Таулы аудандарда шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз батыстан, түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыс. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

28 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.