Жұбаныш ЖЕКСЕНҰЛЫ, әнші: Халық тыныштықты қалайды

Жұбаныш ЖЕКСЕНҰЛЫ, әнші: Халық тыныштықты қалайды
almaty-akshamy.kz

– Тәуелсіздік жылдары көптеген жетістіктерге қол жетті. Дегенмен, өмірдің өзі бір орнында тұрмайды. Әрдайым өзгерістер орын алады. Биыл елімізде біршама оқиғалар өтті. Оның ішінде саяси, мәдени, рухани салада жаңа тың дүниелер байқалып келеді. Біз, өнер адамдары, халықтың мамыражай күнде, бейбітшілікте ғұмыр кешкенін қалаймыз. Сондықтан әрбір салада өркендеу мен жаңарудың болуына ниеттеспіз.

Еліміздегі Президент сайлауы көптің көңілінен шығып, жұртшылыққа тың серпін береді деген үміттеміз. Қазақ елі мемлекетінің басшысы әрдайым ел мен халықтың жағында болып, игі бастамаларды жүзеге асырып, ұдайы биік шыңдардан көрінуімізге септеседі деген сенімдеміз.