«Жылдың үздік баспасөз қызметі» аталымы кімге бұйырды?

«Жылдың үздік баспасөз қызметі» аталымы кімге бұйырды?
Сурет: Qazaqstan.tv

Бүгін «Astana Media Week» медиа апталығының аясында «Жылдың үздік баспасөз қызметі» және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін марапаттау рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жылдың үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаев марапатталды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Артакшинова Асель Сейтжанова, Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Жансая Хамитқызы, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров, Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Марина Шапавалова марапатталды.