Жыл соңына дейін Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін

Жыл соңына дейін Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін
Сурет: Sukachoff.ru

Ең ықтимал үміткерлер қатарында "Транстелеком" тұр.

Жыл соңына дейін Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарлануда. Оған барлық мүдделі компаниялар қатыса алады.

«Алдағы аукционға қатысу туралы шешім ұялы байланыс нарығының әлеуетті қатысушыларының өздеріне байланысты», - деп хабарлады агенттік мамандары.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта аукциондар өткізіліп жатқан жоқ. Осының салдарынан, агенттіктің мәліметінше, компания ұялы байланыс операторы мәртебесінсіз жиіліктерді ала алмай келеді, бірақ жиіліктердің болмауына байланысты мәртебесі жоқ кезде парадокс туындады. Аукцион осы мәселені шешуі тиіс.

Бұл ретте төртінші оператор рөліне ең ықтимал үміткерлер қатарында "Транстелеком" аталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ұялы байланыс нарығында үш оператор бар: Kcell, Tele2, Beeline.