ЖИ Президентке фейк видео жасаған

ЖИ Президентке фейк видео жасаған
Сурет: Arppsoft.ru

Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында да жазылмаған.

Желіде ҚР Президентінің Илон Масктың жаңа платформасына инвестиция салуға үндеуі тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Stopfake.kz видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтаған.

Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында да жазылмаған.

Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланымдар көп. Олардың бәрінда ақпараттың жалған екендігі айтылған. Илон Маск пассивті табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу – кибер алаяқтардың ісі болып табылады.

Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР Президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ.