Жетісуда егіс жұмыстары басталды

Жетісуда егіс жұмыстары басталды
Сурет: Inform.kz

15,6 мың гектар масақты дәнді дақыл және 1,5 мың гектар майлы дақыл егілді.

Алматы облысында егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінде 167,3 мың гектарға ылғалды жабу, 84,1 мың гектарға себу алдындағы өңдеу жұмыстар жүргізіліп, 73 мың гектар жер жыртылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, қант қызылшасының тұқымымен қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта 5,7 мың га көлемінде 256 шаруашылықтан өтінімдер қабылданып, «Жетісу» ӘКК 1256 себу бірлігін Қаратал, Көксу, Ескелді аудандарына өткізді. Тәтті түбірдің басқа да шетелдік тұқымдарын Көксу қант зауытына жеткізу мен тарату жұмыстары осы аптаның ішінде аяқталады. 

«Көктемгі егіс жұмыстарына минералды тыңайтқыштардың қажеттілігі 23 мың тонна болса, соның 13,7 мың тоннасын немесе 59,6%-ін 998 шаруашылық субъектілері алып үлгерген. Жанар-жағар майдан да қиындық жоқ. Жалпы, өңірде көктемгі егіс жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.