Жетісу ауданының әкімі қадамдық қолжетімді жерден ашылатын емханалар туралы айтты

Жетісу ауданының әкімі қадамдық қолжетімді жерден ашылатын емханалар туралы айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл жерде Кемел шағын ауданындағы ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория туралы сөз болып отыр, оны қарашаның соңына дейін ашу жоспарларып отыр. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының медициналық қызметтерге қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі емханаларды орналастыру үшін 3 ғимарат сатып алды. 
Г. Көкебаеваның айтуынша, қадамдық қол жетімділікті арттыру және халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге Алматының барлық жергілікті атқарушы органдары басымдық беріп отыр. Сондықтан халықтың жыл сайынғы өсімін ескере отырып, емханалық желіні дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Кемел шағын ауданындағы емханаға арналған жабдық сатып алынды, медицина қызметкерлерінің штаты құрылды.  Сонымен қатар, аудан тұрғындарының медициналық қызметтерге қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі Омаров көшесі бойынша 300 келушіге және Нүсіпбеков көшесі бойынша 200 келушіге 3 емхана ғимаратын сатып алды. Сондай - ақ, Жұмысшы кентінде ауысымда 240 келушіге арналған емхана ғимараты да сатып алынды», - деп атап өтті Жетісу ауданының әкімі.

Омаров пен Нүсіпбеков көшелеріндегі болашақ емханаларда күрделі жөндеуді мердігер ұйым жүргізетін болады. Ғимараттарды жөндеу осы айда басталады, ал нысандар 2024 жылдың маусымында ашылады деп жоспарлануда.

Жұмысшы кентіндегі ғимарат Райымбек даңғылының бойында орналасқан, онда жөндеу жұмыстары аяқталып, инженерлік желілер қосылған. Бүгінгі таңда жиһаз, кеңсе техникасы, компьютерлер, медициналық жабдықтар (рентген, ультрадыбыстық, маммография) сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Осылайша, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жетісу ауданында  емхана ашу жоспарланып отыр.