Жетісу ауданында бес күн ыстық су болмайды

Жетісу ауданында бес күн ыстық су болмайды
Сурет: 77news.kz

Бұл шектеу қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі.

Алматы жылу жүйесі ЖШС қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«2021 жылғы 16-20 тамыз аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданының Беспақов – Омаров – Жансүгіров – Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», - делінген компанияның хабарламасында.