Жер орбитасында жүрген ғарышкер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Жер орбитасында жүрген ғарышкер  қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
сурет: 31tv.ru

Ғарышкер Дмитрий Петелин қазақ тілінде тілек айтты.

Қостанай өңірінде туып-өскен ғарышкер, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Видео kostanaynews Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, әсіресе, қостанайлықтар, жерлестер! Мереке құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыздар! Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге мынаны айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімеңіз, бекерге ашуланбаңыз. Біздің планетамыз үлкен және өте әдемі. Орбитадан қарағанда мұндай әдемі жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жақсы мереке. Сізге бақыт тілеймін. Қиындықтарға мойымаңыз. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз. Әр күннен ләззат алыңыз және мынаны біліңіз – өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!» - деп қазақ тілінде құттықтау жолдады ғарышкер.