Жаһанның 2021 жыл бойынша ең соңғы нокауты тіркелді

Жаһанның 2021 жыл бойынша ең соңғы нокауты тіркелді
Сурет: Depositphotos.com

Осы сәт Жапонияда түйінделді

Бүгін Токиодағы Ota City General Gymnasium кешенінде бокс кеші өтіп, жылдың соңғы нокауты тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Жартылай жеңіл салмақта 18 жастағы боксшы Сеия Ивамото (2-0, 1 КО) отандасы Такуя Хиросемен (1-0) кездескен. Жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді. Соңғы раундта Ивамото қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Ивамото карьерасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен қатар, ол 2021 жылы бокстағы ең соңғы нокауттың авторы атанды.