Жастарғa мүмкіндік беретін Self Made жобасы өтті

Жастарғa мүмкіндік беретін Self Made жобасы өтті
Almaty-akshamy.kz

«G-38 Жастар көшбасшыларының қоғамдық қоры» ұйымдастырған Self Made жобасы аясында түлектерді жұмысқа орналастыру және ауыл жастарын әлеуметтендіруге көмектесу қызметтері орындалды

Жоба аясында 200-ге жуық қатысушыға Алматы қаласының жетекші компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері берілді. Барлық қатысушыларды HR менеджерлері тандап алды.

Жоба жалпы түлектерді жұмысқа орналастыру және ауыл жастарын әлеуметтендіруге көмектесуге арналған. Осы жоба аясында бірнеше тренингтар мен кездесулер өткізілген болатын.

Спикерлер:

Нұрсұлтан Бекқайыров, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы;

Жасұлан Сейтқалиев, тұлғалық даму академиясының негізін қалаушы;

Маргарита Тихонова, PR Lead UNISENDER;

Ғани Бейсембаев, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті;

Елеман Бақберген, Skadi компаниясының директоры.

«G-38 Жас көшбасшылар қоғамдық қоры» ХБК базасында қалалық жетекші компанияларды шақыра отырып, жалпықалалық мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтарының іс-шаралары NEET санатындағы жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған халық көп шоғырланатын орындарда (сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, саябақтар, скверлер мен мешіттер) санитарлық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылды.