Жасөспірімдер пойыздарда сенімхатсыз жүре алады

Жасөспірімдер пойыздарда сенімхатсыз жүре алады
Сурет: Turkystan.kz

Көлік прокуратурасы 15 жастан асқан балалар осы күнге дейін неліктен бірнеше құжат талап етілгендігіне түсініктеме берді.

Жолаушылар тасымалдау қағидаларына сәйкес олар нотариалды түрде куәландырылған келісім мен ата-аналарының сенімхатын көрсетуге міндетті болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алайда көлік прокуратурасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы тиісті бұйрығына наразылық көрсетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік прокуратурасының бұл наразылығын қанағаттандырды.