Жас алматылықтар полиция департаментінде қонақта болды

Жас алматылықтар полиция департаментінде қонақта болды
Сурет: Polisia.kz

Ашық есік күні дәстүрлі түрде Қазақстан полициясы күніне орай өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың қала полициясы қызметінің оқиғалы тарихын зерделеу, ішкі істер органдарының қызметін кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасы полицейінің оң имиджін қалыптастыру, өз халқына деген мақтаныш сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеу, қоғам игілігі мен Отанның гүлденуі үшін еңбек етуге ұмтылу. Сонымен қатар, бұл науқан ішкі істер органдары қатарына қосылғысы келетін орта мектепте оқитын жоғарғы сынып оқушылары арасында полиция қызметін насихаттау мақсатында да өткізіліп отыр. Полиция қызметі туралы толығырақ білген кейбір ұлдар болашақта осы мамандықпен тығыз байланыста болып, тәртіп пен азаматтардың әл-ауқатын күзетуге бел буғандығы қуантады. Кім біледі, олардың арасында болашағымыздың қаһармандары да бар шығар», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

ПД-ның ғимаратының алдына құрал-жабдықтар орналастырылды. Оның көмегімен полиция қылмыспен күресіп, қаладағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Музейде балалар бейбіт уақытта азаматтық борышын өтеу кезінде қаза тапқан нағыз батырлар туралы мағлұмат алды.