Жаңа жыл символының бірі - мандарин қаншадан саудаланып жатыр?

Жаңа жыл символының бірі - мандарин қаншадан саудаланып жатыр?
Сурет: Pavlovolimon.ru

Мандарин жаңа жыл мерекесінің символы іспеттес.

Сондықтан оның саудасы жаңа жыл қарсаңында қыза түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kaz.inform.kz таратқан ақпаратқа сай, ел аумақтарында мандарин бағасы әр өңірде әрқалай болып тұр. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қытай, Пәкістан және Түркия — елімізге мандарин жеткізуші негізгі елдер.

Цитрус пен экзотикалық жемістерді бәрі бұрыннан жақсы көреді және импорттау мүмкіндіктерінің арқасында біз оларды жыл бойы пайдалана аламыз.

Биыл қаңтар-қазан айы аралығында республикаға құны 35 607,2 мың АҚШ долларын болатын 51 969,9 тонна цитрус және экзотикалық жемістер импортталды.

Биыл 10 айда құны 34 579,8 мың АҚШ доллары болатын, 51 095,4 тонна хош иісті цитрус жемістері әкелінді.

Өткен жылға қарағанда елімізге жеткізілген мандарин көлемі айтарлықтай артқан. Сондай-ақ 12 878,0 мың АҚШ доллардың 15 882,5 тонна цитрус жемістері импортталды.