Жаңа Бас жоспар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген 7 негізгі қағидатқа негізделген

Жаңа Бас жоспар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген 7 негізгі қағидатқа негізделген
Сурет: Baq.kz

 Алматының бейнесі – бұл қала адамдар үшін, тұрақты өсіп келе жатқан экономикасы, қолайлы ортасы бар, әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды, технологиялар мен инвестицияларды тартатын үйлесімді мегаполис.

Даму бағдарламасын әзірлеу және оны идеялық толықтыру үшін қала өмірінің түрлі салаларында 36 сарапшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Даму жоспарын қоғамдық талқылау барысында 392 қала тұрғынынан Алматы қаласын дамыту бойынша 1 280 түсініктеме мен ұсыныстар алынды, олардың негізгі үлесі қалалық ортаға, экологияға, қауіпсіздікке қатысты болды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі мегаполистер аудандардың өзін-өзі қамтамасыз ету және байланыс қағидаттарына негізделген дамудың полицентрлік моделін пайдаланады.

Бүгінде Алматыда дамудың моноцентристік моделі қалыптасты. Жұмыс орталығында да, әлеуметтік-мәдени орталықта да жоғары тығыздыққа ие болу болжамы бар. Бұл қоғамдық көліктің шамадан тыс жүктелуін тудырады, көші-қонды арттырады және қаланың басқа аудандарының дамуын тежейді.