Жаһанша әлем чемпионатын сәтті бастады

Жаһанша әлем чемпионатын сәтті бастады
Сурет: Рrosports.kz

Жаһанша жарап тұр

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Ослода күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Жақанша Хорлан жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаһанша Хорлан грек-рим күресінен 55 келіде сынға түсіп жатыр. Ол алғашқы белдесуінде бразилиялық Марат Гариповпен кездесті.

Екеуара кездесу 9:0 есебімен аяқталып, қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. 

Отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында Еуропа чемпионы Эмин Сефершаевпен кездеседі.