Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Сурет: Qazaqstan.tv

Биыл олардың санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Оған сәйкес, 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны:

ҚР Қарулы Күштері – 550;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 60;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 16;

ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 9.

Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Айта кетері, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған болатын. Енді запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылмақ.