Заң қабылдауда басты құқық Мәжіліске беріледі

Заң қабылдауда басты құқық Мәжіліске беріледі
Сурет: Qazaqstan.tv

Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн.

Мәжіліс қабылдаған заңдарды Сенат тек бекіту не бекітпеуді көздейтін норманы енгізу орынды деп санаймын, деді Мемлекет басшысы Жолдау барысында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Демек, заң қабылдауда басты құқық Мәжіліске беріледі.

«Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын»

«Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын».