Үн қату да - үлес қосу

Үн қату да - үлес қосу
almaty-akshamy.kz

Таңдау жасауға елімізде танымал азаматтар да келіп жатыр. Таңертеңмен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик-жазушы Қанағат Әбілқайырға хабарласып, сайлау жайында ойын білген едік.

«Біз жаңарған Қазақстан елінде жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның жаңаруы бұл осында тұратын барлық халықтың, барша ұлттар мен ұлыстардың, әрбір азаматтың саяси белсенділігіне тікелей байланысты.

Мысалы, сайлауға «барсақ та, бармасақ та, еріктіміз» деген ескіше көзқарасты өзгерте отырып, әрбіріміз: «Жоқ, мен Қазақстан Республикасының төл азаматымын. Сондықтан да қандай да бір сайлауға болмасын толық қатысып, елімнің жаңара, жасара түсуіне өз үлесімді қосуым керек»,-десек, қоғамның жаңара бастағанының белгісі.

Иә, Қазақстанды басқа емес, өзіңіз жаңартатыныңызды, әділетті қоғамды өзіңіз орнататыныңызды естен шығармаңыз. Сіз бен біздің таңдауымыз Әділетті Қазақстан емес пе еді?!» - деді ол.