Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды
akorda.kz

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысуда. 

Бұған дейін құрылтайдың алғашқы жиыны ұлт ұясы - Ұлытауда өтті. Былтыр түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанда жалғасқан еді.

Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.