Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді

Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді
Сурет: ашық дереккөз

Қардың қарқынды еруі мен аптап ыстықтан Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 «Үлкен Алматы өзенінің 6 негізгі саласы бар, судың орташа шығыны – 4-6 м3/с. Алдағы күндері Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі кешкі уақыттарда (сағат 18.00 - 00.00) болады. Осыған байланысты, Алматы ТЖД кешкі уақытта Үлкен Алматы өзенінің арнасына жақын жерде болмауға шақырады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖД Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі мореналық көлдердің еруіне байланысты емес екенін хабарлады

«Қазіргі уақытта көлдер қысқы режимнен шығып, мұзбен жабылған. Осыған байланысты қала халқы мен инфрақұрылымына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Алматы қаласы ТЖД және «Қазселденқорғау» департаментінің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады ведомстводан.