Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының vii съезіне дайындық басталды

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының vii съезіне дайындық басталды
Суреттер: Еgemen.kz

Айтулы шараға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қазақстанда жылдың басты халықаралық шараларының біріне дайындық қыза түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Елордада қыркүйек айының ортасында ел Президентінің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтеді деп жоспарланған. Жиынға 60 елден 130-ға тарта  халықаралық делегация қатысады деп күтілуде.

Қадірменді қонақтардың бірі - Рим Папасы Франциск болмақ. «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөлі». Бұл кезекті бас қосудың бекітілген айдары. Жалпы биылғы кездесу 4 секциялық отырыс түрінде өтеді.  Қатысушылар бірқатар өзекті мәселенің басын қайырмақ.

Атап айтсақ, білім беру мен діни ағарту ісі, рухани және моральдық құндылықтарды нығайту, әйелдің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін көтеру және экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің тиімді амалдары талқыға түседі.