Ұлыбританияда ІІ Елизаветаның 70 жыл тақта отыруына арналған шаралар басталды

Ұлыбританияда ІІ Елизаветаның 70 жыл тақта отыруына арналған шаралар басталды
Cурет: euronews

ІІ Елизаветаның жасы қазір 96-да

Ұлыбританияда ІІ Елизаветаның тақта отыруына 70 жыл толуына орай төрт күндік мереке басталды. Көпшілік Букингем сарайының алдына таң бозынан жиналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Менің кемпингке арналған орындығым, шатырым, қолшатыр мен ұйықтауға арналған қабым да бар. Патшайым шыққан кезде ол жақсырақ көрінетін орын алу үшін ертерек келдім», - дейді Донна Уорнер.

Букингем сарайы алдына монарх отбасының жанкүйерлері елдің түпкір-түпкірінен жиналған.

«Мұндай оқиғадан қалуға болмайды. Міне, осымен алтыншы рет, әр мерейтой кезінде Лондонға келемін. Бүгін де бұл ғажайып сәтті – алтын күймедегі патшайымды міндетті түрде көруім керек», - дейді Ливерпульден келген Хиллэй Гринхал.

ІІ Елизаветаның жасы қазір 96-да. Оның тақта 70-жыл отыруының құрметіне түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылып жатыр.