Үкімет басшысы қалай тағайындалады?

Үкімет басшысы қалай тағайындалады?
Сурет: интернеттен

Премьер-министр міндетін уақытша Роман Скляр атқарады.

ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанның премьер-министрі қалай тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Конституцияға сәйкес, Тоқаев биліктегі "Аманат" саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.

"Егер мақұлданса, мемлекет басшысы келісім беру үшін премьер-министрдің кандидатурасын парламент мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келіссе, президент бұл қызметке жаңа премьер-министрді тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады", деді Берік Уәли.

Қазақстан үкіметінің 2024 жылдың 7 ақпанына жоспарланған кеңейтілген отырысына дейін отставкаға кеткені осыған дейін хабарланған еді. Шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалады.