Үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» тексеру мәселелерін талқылады

Үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» тексеру мәселелерін талқылады
Сурет: Рrimeminister.kz

Премьер-Министр компания басшыларымен кездесті.

Бүгін Премьер-Министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.