Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр

Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр
сурет: Әкімдік

Жастардың кітапқа қызығушылығы артқан.

Кітап форумын аралап көрген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын айтты.

«Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», - деп жазды Алматы әкімі.

Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтуде. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысады, бетперде тағу міндетті болып табылады.