ҰБТ тапсырмай, оқуға грантқа түсудің жолы қандай?

ҰБТ тапсырмай, оқуға грантқа түсудің жолы қандай?
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Ол үшін талапкерлер халықаралық олимпиадалардың жүлдегері болуы керек

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазған.

Қазақстанда халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына грантқа түсуге мүмкіндік беру жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Білім және ғылым минстрлігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін бекітті. Жаңа модель аясында типтік бағдарламалар өзгеріп, біліктілікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«2021 жылы біз мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне мемлекеттік бақылауды енгіздік. 10 жылдан астам уақыт бұрын балаларды қамтуды жедел арттыру және жеке балабақшаларды дамыту үшін оларды лицензиялау мен аттестаттаудан босату туралы шешім қабылданды. Қазір балаларды 99% қамтыған жағдайда барлық мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету маңызды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министр дарынды балаларды қолдау үшін халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне, сондай-ақ педагог-жаттықтырушыларға ақшалай сыйлық төлеуді көздейтін заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске енгізілгенін айтты.

«Қабылданып жатқан шараларға қосымша ретінде Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігін беруді жоспарлап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.