Якутияда орман өрті қайтпай тұр

Якутияда орман өрті қайтпай тұр
Сурет: Ria.ru

Қызыл жалын шарпыған аумақ 310 мың гектарға жеткен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңға жуық адам жұмылдырылған. 50 шақты техника тартылды. Қазір өңір бойынша 165 өрт ошағы тіркелді. Олардың тек бесеуін ғана сөндіру мүмкін болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz арнасының таратқан ақпаратына сай, лапылдаған от әсіресе шалғай аудандарда және аяқ баспайтын аудандарда көбейген. Апаттық жағдайға аптап ыстық пен найзағайдың  жиілеуі себеп дейді мамандар. Ресей билігі қалаларға және тұрғындары бар аймақтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.