XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды

XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды
inform.kz

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайдыАзия ойындары-2022 ұйымдастыру комитеті

2022 жылғы Азия ойындарының алауы бүгін Қытайдың шығысында, Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында жағылды. Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.

Ойындар 2023 жылдың 23 қыркүйегінен 8 қазанынан дейін Ханчжоуда өтеді.