WhatsApp-та енді телефон нөмірін өзге адамдардан жасыруға болады

WhatsApp-та енді телефон нөмірін өзге адамдардан жасыруға болады
Сурет: Hi-tech.mail.ru

Бұл мүмкіндік Android пайдаланушылары үшін WhatsApp-тың соңғы бета нұсқасында пайда болды.

Бағдарлама құрастырушылары қауымдастық мүшелерінен телефон нөмірін жасыру мүмкіндігін сынап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Енді топқа қосылу кезінде телефон нөмірі автоматты түрде жасырылып тұрады. Пайдаланушы нөмірін кімге көрсетуді өзі таңдай алады.