WhatsApp контактілерді сақтамауға мүмкіндік беретін функцияны енгізді

WhatsApp контактілерді сақтамауға мүмкіндік беретін функцияны енгізді
Сурет: интернеттен

Бұл мүмкіндік белгісіз нөмірлермен байланысуды әлдеқайда жеңілдетеді.

WhatsApp әлеуметтік желісінде телефон нөмірлерін сақтамай-ақ іздеу арқылы бейтаныс адамдармен сөйлесуге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

WaBetaInfo порталының жазуынша, iOS және Android үшін WhatsApp-тың соңғы нұсқаларын орнатқан пайдаланушыларға қолжетімді.

Енді желіге белгісіз телефон нөмірін енгізген кезде WhatsApp контактілерді іздейді. Бұл мүмкіндіктің бар-жоғын білу үшін контактілер тізімдерінен телефон нөмірін іздеу керек.

iOS жүйесіне арналған WhatsApp желісін пайдаланған кезде чаттар тізіміндегі "жаңа чатты бастау" түймесін басып, іздеу жолағына белгісіз телефон нөмірін енгізу керек.

Егер контакт WhatsApp желісінде болса, онымен чат ашуға болады. Бұл мүмкіндік iOS қолданбасына ғана тән болмағандықтан, Android пайдаланушылары белгісіз телефон нөмірлері бар чатты жылдам табу және ашу үшін дәл осындай қадамдарды орындай алады.

Қолданушылар белгісіз нөмірлерден қоңыраулар алған кезде контактілерді мекен-жай кітабына сақтайды, осылайша оларды WhatsApp профиль суреті арқылы анықтауға болады, бірақ кейінірек бұл контактілерді жоюды ұмытып кетуі мүмкін.