Уругвай алапат апат алдында тұр

Уругвай алапат апат алдында тұр
Сурет: ашық дереккөз

Ел құрғақшылықтан кем дегенде 1,8 млрд доллар жоғалтуы мүмкін.

Уругвай алапат апатқа ұшыраудың алдында тұр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Елде қатты құрғақшылық басталып, ауыз су қорының таусылу қаупі туындады. Канелон Гранде және Сан-Францискода су қоймалары кеуіп қалған. Ал Канелонес аймағынан басқа, Лаваллехтегі шахталар қаласы да өте ауыр жағдайда тұр. Ондағы ауыз су қоры тек осы айға ғана жетеді.

«Уругвай құрғақшылықтан кем дегенде 1,8 миллиард доллар жоғалтады деп болжанды. Пайсанда өлкесінде құрғақшылық салдарынан ірі қара малдың қырылуына байланысты төтенше жағдай енгізілді», - деп жазады жергілікті басылымдар. 

Уругвай құрғақшылықтан аман қалса да,  бұл елдегі ауыз су қорын сыни деңгейге жеткізеді деген болжам бар. Санитарлық қызметтер (ЖББ) халықты сумен қамтамасыз ету үшін, әсіресе астаналық аймақтағы Канелон Гранде су қоймаларында шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болды.

Ауыр сынақтан жаңбыр құтқарады деген болжам елге үміт туғызып отыр. Сан-Франциско қаласында, елдің орталық бөлігі Минас қаласы, Лаваллех өңірінде бүгін жаңбыр жауады деген болжам бар.