Универсиада - 2023: ел қоржынында 2 күміс, 2 қола бар

Универсиада - 2023: ел қоржынында 2 күміс, 2 қола бар
Сурет: Elorda.info

Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан екінші қола жүлдені Асқар Нарқұлов салды.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Асқар дзюдо спорт түрінен 73 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде қырғыз елінің спортшысын ұтты.

Алғашқы белдесуде Қытай елінің дзюдошысынан басым түсіп, одан кейін Моңғолия мемлекетінің спортшысына есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде италиялық спортшыны ұтты.

Айта кетейік, медальдық есеп бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 2 күміс, 2 қола жүлде бар.