Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі бүгін түнде Алматыға жеткізіледі

Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі бүгін түнде Алматыға жеткізіледі
Сурет: U-stena.ru

Екінші репатриация рейсі 1 наурызға жоспарланған.

Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі бүгін түнде жеткізіледі. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежай баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

« Қазақстандықтар отырған әуе кемесі Катовице қаласының уақыты бойынша сағат 10:30-да Атырауға ұшып шығады. Алматыға түнгі сағат 00.30-да келеді деп күтілуде. БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады»,- деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.

Ведомства мәліметінше, екінші репатриация рейсі 1 наурызға жоспарланған.

Бұған дейін Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша «КС 2203» бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, сыйымдылығы – 179 орын.