Темекі бағасы көтеріледі

Темекі бағасы көтеріледі
Сурет: Rbc.ru

Шылым бағасы шарықтай бермек

ҚР Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрықпен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сонымен, фильтрлі, фильтрсіз 20 темекінің ең төменгі құны:

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда 550 теңге;

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 570 теңге;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге дейін қымбаттайды.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.