Түркияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды

Түркияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды
Сурет: Egemen.kz

 Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды

Анкараның АНКАСАМ зерттеу орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Жиында  Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Президенттің Жолдауына  қатысты «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы: жүйелі реформаларды жалғасы» тақырыбында баяндама жасады.

АНКАСАМ зерттеу орталығының басшысы профессор, доктор Мехмет Сейфеттин Эрол Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасын табатынына сенім білдірді.

«Мықты Қазақстан – мықты түрік әлемі. Ол күш түрік әлемінің геосаясатының тірегі. Анкара-Нұр-Сұлтан осы геосаясаттың негізгі осін құрайды», - деді Түрік әлемінің болашақта кең географияда маңызды рөл атқаратынына назар аударған Эрол.

Жиынға АНКАСАМ ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты.