ТЖМ Алматы хостеліндегі өрттің ықтимал себептерін атады

ТЖМ Алматы хостеліндегі өрттің ықтимал себептерін атады
Сурет: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы хостеліндегі өрттің ықтимал себептерін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингідегі БАҚ өкілдері Алматы хостелінде бірнеше адамның өліміне себепші болған өрттің тұтану себебін сұрады. 

«Бұл жарық қондырғысының қызып, балқуынан туындаған қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Екінші нұсқа – өрт ұшқыны болуы ықтимал. Яғни, біреу темекі тұқылын немесе сіріңке шырпысын тастауы мүмкін. Негізгі себептері осы болуы ықтимал», - деді Сырым Шәріпханов.

Еске салайық, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан еді.