Жапондық ғалымдар Венера ғаламшарының тылсым сырын ашуда

Жапондық ғалымдар Венера ғаламшарының тылсым сырын ашуда
Сурет: Рikabu.ru

Тылсым дүние

Жапон ғалымдары алғаш рет Венерадағы түнгі ауа райын зерттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жапонияның Токио университетінің ғалымдары алғаш рет түнде Венерадағы ауа райының өзгеруін бақылай алды. Зерттеу үшін Venus Climate Orbiter Akatsuki зондынан инфрақызыл суреттер қолданылды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сайтына сілтеме жасап. Венера толығымен тығыз бұлттармен көмкерілгені белгілі. Олардың астында не болып жатқанын түсіну үшін Токио университетінің ғалымдары күндіз-түні инфрақызыл жарықтың толқын ұзындығы арқылы бұлттардың қозғалысын қадағалады.

Әуелгі зерттеулер Венерада айналу күші мықты екенін көрсеткен. Бұл - Жерде жоқ құбылыс. Планетаның бүкіл метеорологиялық жүйесі экваторда шығыстан батысқа қарай айналады. Атмосфералық ағындардың күші мен қозғалыс жылдамдығы Жердегі ең қатты дауылдардан асып түседі.

Тың ғылыми еңбек бұрын белгісіз болған фактіні анықтады. Сонымен, түнде Венерада желдер қарсы бағытта қозғала бастайды. Күндіз олар полюске, ал қараңғыда экваторға бағытталады.

«Мұндай күрт өзгеріс себепсіз болмайды», - деп атап өтті авторлар.

Зерттеушілер аталған құбылыс мықты айналуды күшейтеді деп санайды. Жаңа мәліметтер ондағы ауа райының дәл модельдерін жасауға мүмкіндік береді. Авторлардың айтуынша, ауа райын инфрақызыл құрылғылардың көмегімен зерттеу әдісін басқа планеталарға, мысалы, Марсқа немесе газ алыбына қолдануға болады.

Сондай-ақ Жердегі ауа райы құбылыстарын зерттеуге пайдалы болады.