ТЖД суға түсу ережелерін ескертті

ТЖД суға түсу ережелерін ескертті
Сурет: Almaty.tv

Жаз шыға сала, Алматы маңында суға түсушілердің қарасы көбейген.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік туралы ескертпе жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік қағидаларын еске салады:

- жағадан алыс, қауіпсіздік аймақ шекарасы белгіленген буйкадан асып жүзуге болмайды;

- бейтаныс жерлерде суға түсуге болмайды, су түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, корягалар болуы мүмкін;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан секіруге болмайды;

- шомылу үшін арнайы бөлінген орынды таңдау қажет;

- кемелерге (моторлы, желкенді), қайықтарға, баржаларға жақын жүзуге болмайды;

- батпақты жерлерде және балдырлар немесе тина бар жерлерде шомылуға болмайды;

- күнге қыздырынған соң немесе денені қатты салқындатқаннан кейін суға түсуге болмайды;

- күн астында көп жатудан, жүгіргеннен кейін, салқын суға біртіндеп бейімделместен тез суға түсуге және секіруге болмайды;

- мас күйінде суға түсуге және шомылуға қатаң тыйым салынады;

- үрлемелі матрацтармен, автомобиль камерасымен, үрлемелі ойыншықтармен жүзбеңіз, ол құралдың ақауы болуы мүмкін, сөйтіп адам кенеттен су  астына кетуі мүмкін, ал бұл жақсы жүзе білетін адамдардың өзі үшін де өте қауіпті. Сонымен қатар, әлсіз желдің де жағалаудан алыс алып кетуі мүмкін.

- егер сіздің бұлшық етіңіз тырысса, шалқалап жатыңыз және жағаға қарай жүзіңіз, бұл ретте бүгілген бұлшықеттерді жазыңыз, бірақ ең жақсысы – өзіңізбен бірге «ағылшын» түйреуіші болғаны дұрыс. Тіпті онымен бір рет шаншудың өзі өміріңізді құтқаруы мүмкін.

Осындай ережелерді ескермеген алматылық жігіттерді кеше кешкісін Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы құтқарып қалды. Олар жағадан алыс жүзіп, құрлыққа өз бетінше жете алмай қалған.

Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен жастар жағаға жеткізілді. Құтқару операциясына 4 құтқарушы және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.