Түскі саудада доллар күрт көтерілді

Түскі саудада доллар күрт көтерілді
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 448,55 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,48 теңгені (-0,05) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 489,28 теңге, рубльді 4,53 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 448,7-451,5 теңге, еуро – 491-495,5 теңге, ресей рублі – 4,39-4,59 теңге аралығында сатылып жатыр.
Дүйсенбі күнгі таңғы сауданың басында ұлттық валюта бағамы бір долларға 449 теңгеге дейін төмендеді.
Саудада мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап жатыр. Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,12%-ға арзандап, барреліне 85,83 долларды құрады.
Қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,23%-ға арзандап, 82,16 долларды құрады.