Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейе түседі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейе түседі
Сурет: Bureau.kz

Ішкі істер министрлігі балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және депутаттармен бірлесіп, заңнамаға бірнеше түзету әзірледі.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, енді әйеліне немесе бала-шағасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығарып, әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу құқығы беріліп отыр. Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек.

«Сонымен қатар ІІМ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше бөлімше құрылатын болады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық зомбылық күреспен ғана айналысады», - дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.