Түрксіб ауданының 17 көшесінде 2023 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

Түрксіб ауданының 17 көшесінде 2023 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ауданда жол инфрақұрылымы қалай жаңартылып жатқанына тоқталды.

Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігі 80 мың м2 жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, "Қайрат" шағын ауданындағы тұрғын үй кешені мен мектепке кіретін 2,7 шақырым жол құрылысы аяқталып, бүгінде бір қабат асфальт төселді. 2024 жылдың екінші тоқсанында инженерлік коммуникациялар салынғаннан соң, қалған 5,3 шақырым жол жабдықталады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан әкімі жол жамылғысын асфальттау жұмыстары аяқталған көшелерді атап өтті: Сейфуллин даңғылы,  Арал, Байрон, Бердіқожа, Ахметов, Алғабас, Сүйінбай, Шемякин, Спартак, Папанин, 13 ә/қ, Магнитный, Покрышкин, Филатов, Ержанов, Гродненская, Баймағамбетов көшелері.

Сонымен қатар, 11 көшеде ұзындығы 8 шақырым болатын тротуарлар салынып, жөнделді (Огарева, Тараз, Пугачев, Обозный, Ақындар, Сейфуллин, Кассин, Котельников, Бейсебаев, Аймауытов, Ғанибет көшелері).

«Ағымдағы жылдың соңына дейін ауданның 5 негізгі магистралдық көшесінің бойында, Рысқұлов, Сүйінбай даңғылы, Майлин, Шолохов, Ақан сері көшелерінің бойына эстетикалық келбетті жақсарту ғана емес, сонымен қатар көшелерді жинау кезінде химиялық реагенттерден жасыл желектерді сақтауға арналған 23 шақырым техникалық тротуар салынады», - деп қосты аудан әкімі.

Сонымен қатар, Рысқұлова даңғылы арқылы өтетін жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталып, Ержанов көшесі арқылы өтетін өткел құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, Б.Хмельницкий көшесін "Қайрат" шағын ауданынан Талғар жолына дейін кесіп өтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.