Түркияда көмір шахтасында қаза тапқандар саны 40-қа жетті

Түркияда көмір шахтасында қаза тапқандар саны 40-қа жетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Режеп Тайып Ердоған жарылыс орнына барады деп жоспарланған

Түркияның солтүстік бөлігіндегі көмір шахтасында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 40-қа дейін өсті. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны 40-қа жетті», - деді Сойлу.

Азаттық рухы сайтының мәліметінше, бұған дейін жарылыс салдарынан 28 адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа 11 адам ауруханада екенін атап өтті.

Бартын провинциясының Амасра қаласындағы көмір шахтасында жарылыс жұма күні орын алды. Төтенше жағдай 300 м тереңдікте болды. Жергілікті билік шахтадағы 87 кенші туралы хабарлады. Амасра мэрі Реджай Чакыр журналистерге алдын ала ақпарат бойынша шахтада метан жарылғанын айтты.

Сондай-ақ, түрік көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанның 15 қазандағы жарылыс орнына сапары жоспарланғаны туралы хабарланды. Ол құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Бартынға баруы керек.