Футболдан ӘЧ: Нидерланды құрамасы Сенегалды жеңді

Футболдан ӘЧ: Нидерланды құрамасы Сенегалды жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Нидерланды құрамасы Сенегалдан басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екі құрама А тобында сынға түседі. Мамандар оларды аталған топтан плей-офф сатысына берілетін екі жолдамадан басты үміткер санайды.

Бүгінгі кездесу барысында олардың дайындығы жақсы екені аңғарылды. Қос құрама тарапынан қауіпті шабуылдар жиі көрініс берді. Ойын барысында жанкүйерлер тартысты бәсекені тамашалады.

Ойынның 84-минутында нидерландылық Коди Гакпо есеп ашса, 96-минутта Дави Классен қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Нилерланды құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді А тобындағы екінші турда 25 қарашада Сенегал мен Қатар, Нидерланды мен Эквадор құрамалары кездеседі.

Енді В тобында тағы бір кездесуді бүгін 01:00-де АҚШ - Уэльс ойынын «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Еске салсақ, А тобындағы бір кездесуде Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ В тобындағы алғашқы кездесуде Англия құрамасы Ираннан 6:2 есебімен басым түсті.