Бүгін «Зенит» – «Астана» матчы өтеді

Бүгін «Зенит» – «Астана» матчы өтеді
Сурет: Рrosports.kz

Аламан дода болмақ!

Бүгін, 4 қазанда, «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясындағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық клубтың қарсыласы - «Зенит» командасы.

Ресейлік клуб өткен маусымда ВТБ лигасының жартылай финалында өнер көрсетті.

«Астана» Ұлттық лиганың биылғы маусымында «Барсы Атырау» командасын екі рет жеңді.

Кешке «Зенит» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы тікелей эфирде көруге болады.