Түркия жері тағы да сілкінді

Түркия жері тағы да сілкінді
Сурет: 24.kz

Жерасты дүмпуінің магнитудасы - 5.2

Түркияның шығыс аймағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

EMSC сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.