Алматыда ұрланған телефондарды сатып алып жүрген кім?

Алматыда ұрланған телефондарды сатып алып жүрген кім?
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері ұрланған телефондарды сатып алушыны ұстады.

Жедел уәкілдердің жұмыс нұсқасына сүйенсек, 31 жастағы ер адам ұрланған заттарды сату арқылы бірнеше рет сауда жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол IPhone 12 Pro Max және Samsung Galaxy A20 телефонын сатып алу кезінде ұсталды. Оның үстіне ол ұялы телефондарды сатушының қылмыстық жолмен алғанын білген. Бұл жедел және арнайы шаралар нәтижесінде алынған мәліметтермен расталады. Қылмыстың тарихы мынадай: бірнеше күн бұрын қоғамдық көлікте жолаушыдан осы ұялы телефондардың бірін ұрлап кеткен жас жігіт ұсталды. Күдіктіге ҚР ҚК-нің 196-бабы (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу) бойынша айып тағылып жатыр», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес, А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.