Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды

Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды
almaty-akshamy.kz

Шара екі күнге жалғасады. Құрылтай жұмысы бірнеше тақырыптық секцияға бөлінген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бүгін "Білім және ғылым", "Мәдениет. Өнер. Руханият" және "Қоғамдық консолидация" жайлы талқылау болады. Қатысушыларға еш кедергісіз ой білдіруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар азаматтар да кез келген уақытта Егов порталындағы “Құрылтай” қосымшасы арқылы өз пікірін білдіре алады.

- Елді толғандырған мәселелердің ауқымы да бағыты да алуан. Жалпы құрылтай барысында болсын, онлайн арналар арқылы болсын айтылған әрбір ой, пікір ескеріледі. Барлық мәселе мұқият зерделеніп, Мемлекет басшысының назарына ұсынылады, - дейді  ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.