Түрікменстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Түрікменстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Cурет: Egemen.kz

12 наурыз күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді 

Түркіменстанда 12 наурыз күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы аталмыш елдің ОСК төрағасының көмекшісі Безирген Караев ақпарат таратты.
Бұған дейін Парламенттің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға жол беру керек екенін тіліне тиек еткен болатын. Түрікменстандағы БАҚ-тар «осыған байланысты сайлау мен референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түркіменстанның конституциясы мен заңнамасына сәйкес тиісті жұмысты бастау тапсырылды» дегенді алға тартып отыр. Түркіменстанда соңғы рет президент сайлауы 2017 жылы өткен болатын.